Өтінімі қабылданған үміткерлер жеке кабинетінде Келісімге үш жұмыс күні ішінде қол қоюы қажет, өтінімге қол қойылмаған жағдайда бас тартылады.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 52-тармағына сәйкес, тұрғын үй сертификатын беру туралы Келісім тараптармен электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде қол қойылуы қажет. Қызмет алушы Келісімге белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда, қызмет көрсетуші Келісім жасасудан бас тартады.
Тұрғын үй сертификатына өтініш берген азаматтар өтініштерінің мәртебесін күн сайын тексеруі тиіс. Егер өтініш оң қаралған жағдайда, олар электрондық қолтаңбаны пайдаланып «Тұрғын үй сертификатын беру туралы келісімге» қол қоюы тиіс. Егер өтініш беруші үш жұмыс күні ішінде келісімге қол қоймаса, өтініш бойынша оң шешім күшін жояды. (SMS хабарламалары уақытша қолжетімді емес).
Тұрғын үй сертификаттары ақпараттық сервисі Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен белгіленген тәртіппен тұрғын үй сертификаттарын алуына арналған.
Ақпараттық сервиске қолжетімділік беріледі:
- Қазақстан Республикасының азаматтарына олар Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, пайдаланушылық келісімге қол қойған жағдайда
- облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өтінім негізінде беріледі.